ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2024 | 10:43
Әскерге шақырылғандар қандай тексерулерден өтеді? ДСМ өзгерістер туралы айтты
Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның Тengrinews.kz сұрауына берген жауапқа сәйкес, кейінгі жылдары әскерге шақырылғандарды міндетті тексеру көлеміне қосымша тексерулер қосылған: эхокардиография, іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу, бүйректі ультрадыбыстық зерттеу.
Осылайша, әскерге шақырылғандар мына міндетті тескрулерден өтеді:
- жалпы қан анализі;
- зәр анализі;
- кеуде мүшелерін флюорографиялық зерттеу;
- электрокардиографиялық зерттеулер;
- мерезге (сифилис) микропреципитация зерттеулері реакциясын талдау;
- бүйректі ультрадыбыстық зерттеу;
- бауыр, көкбауыр, ұйқы безін ультрадыбыстық зерттеу;
- АИТВ (ЖИТС) инфекциясына қан анализі.
"Бұдан басқа, медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі", - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также