Әскери борышын өтеуден жалтарғандар түрмеге қамалуы мүмкін

©Тengrinews.kz

Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес, әскери борышын өтеуден жалтарғандар түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Yk-news.kz

Жаңа жазалау шарасы таяудағы көктемгі әскерге шақыру кезінде қолданылатын болады. Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері соңғы екі жылда жастар өз ниеті болғандықтан ғана борышын өтеді деп есептейді. "Қазіргі уақытта жалпыға бірдей әскери міндет туралы заң жоқ, "Әскери қызмет және әскеридің мәртебесі туралы" заң нормалары бар. Сол жерде шұғыл әскери қызметке ниеті барлар баратыны көрсетілген", - департамент бастығының орынбасары Ерлан Жақыпов. 

Ол әскерге шақырылған адамдардың әскери комиссариатқа келіп, қызмет еткісі келмейтінін мәлімдеуге және міндеттен босатуды сұрауға мүмкіндігі болғанын айтты. "1 қаңтардан бастап жаңа Қылмыстық кодекс заң күшіне енеді, онда "Әскери қызметтен жалтару" деген бап бар. Оған сәйкес, заңды негізі болмаса қызмет өтеуден жалтаруға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады", - деді Жақыпов. 

Реклама
Реклама

Мұнымен қатар, өтірік ауырғандар, өз денсаулығына қасақана зиян келтіргендер немесе медициналық анықтама қағазын қолдан жасағандар жазаға тартылады. Бұл шақырушылар үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер олар өз ниеттерімен әскери комиссариатқа келетін болса, онда әскери қызметтен бұған дейінгі жалтару деректеріне қарамастан, жауапкершіліктен босатылады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама