"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы 596 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы 596 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е.Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты соталды тергеуді аяқтады. 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Жарнама
Жарнама

"Залалдың жалпы сомасы 596 миллион теңге болады. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама