22 тамыз 2020 | 12:04

Әскери полиция бас басқармасының басшысы тағайындалды

ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы болып полковник Марат Нұрымбет тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы болып полковник Марат Нұрымбет тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бастығы болып жаңадан тағайындалған полковник Марат Досанұлы Нұрымбетті таныстырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полковник Марат Нұрымбет - Қазақ мемлекеттік заң институтының түлегі. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған, оның ішінде қарсы барлау және жедел-іздестіру шаралары террористік актілерге қарсы іс-қимылды ұйымдастыруда тәжірибесі мол.

Әскери полиция органдарына жүктелген міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, қорғаныс ведомствосының басшысы әскери полиция бас басқармасының бастығын жеке өзі таныстырды.

Министр атап өткендей, «бүгінде қорғаныс ведомствосында басымдықтардың арасында екі бағыт бар: олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндеттер көбінесе әскери полицияға жүктелген». Өткен жылы әскери полиция бас басқармасының құрылымында екі жаңа басқарма құрылды. Оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген.

Министрдің айтуынша, басқа күштік ведомстволардан айырмашылығы, Қарулы Күштерде өзіндік қауіпсіздік қызметі жоқ, бірақ Қарулы Күштер басқа мемлекеттік орган сияқты бірқатар бақылаушы және қадағалаушы құрылымдардың жіті назарында. Бұл әскери қызметшілер қатарының тәртіп бұзбауына жоғары талаптар қояды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар нәтижесінде 2015-2019 жылдар аралығында Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қатысты қылмыстар саны төрт есеге дейін азайды. 2019 жылы барлығы 6 сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берілсе, ал 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін бұл сан 17-ден 34-ке дейін болған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мұндай қылмыстардың өсуіне жол берілген. 2020 жылдың жеті айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 25-ті құрады. Алайда, олардың көпшілігі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданған жоқ.

Айта кету керек, бұл қылмыстардың сомасы салыстырмалы түрде аз - негізінен 6 мыңнан 50 мыңға дейін, 200 мың теңге. Бұл қылмыстар бюджет қаражатымен байланысты болмаған.

Қорғаныс Министрлігінде қазіргі уақытта кез-келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Министр 2017 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін әскери полиция бас басқармасының бастығы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан полковник Бауыржан Лекеровке алғысын білдірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная