ПОДЕЛИТЬСЯ
18 сәуір 2023 | 13:33
Әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді
Сенат отырысында Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазиевтің айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер болғандықтан бұл қылмыстық істі әскери прокуратура қадағалаған. Қазір ол аяқталып, сот қарауында.
"Ол (Тұрлыхановтың ұлы) мерзімді әскери қызметші. Ол бұл қылмыс тіркелген кезде еңбек демалысында болған", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Қазиев кіші Тұрлыхановтың кінәсі сот арқылы дәлелденсе, қызмет еткен бөлімшенің командирі де жауапты болатынын айтты.
"Заңда белгіленген тиісті тәртіп бойынша командир де жазасын алады", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также