ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 ақпан 2016 16:23
Аслан Сәрінжіпов жаңа қызметке келді
ҚР бұрынғы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов "Назарбаев Қоры" президенті және "Nazarbayev University" қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
"Назарбаев Қоры" Қазақстан Президентінің бастамасымен 1998 жылдың 15 желтоқсанында ашылған еді.
10 ақпанда білім және ғылым министрі болып Ерлан Сағадиев тағайындалған еді. Ал Аслан Сәрінжіпов бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу