Асқар Мамин Астананың контрреттеуішінің жұмысын тексерді

© Primeminister.kz

Б?гін ?аза?стан Республикасы премьер-министріні? Бірінші орынбасары Ас?ар Мамин Астананы? ?азіргі ж?не перспективада?ы ??рылыс аудандарын ы?тимал су тас?ынынан инженерлік ?ор?ау?а арнал?ан Астана контрреттеуішіні? ж?мысымен танысты, - деп хабарлайды Primeminister.kz.
 
?Р ішкі істер министріні? орынбасары Ю.Ильин Астана контрреттеуішіні? а?ымда?ы кезе?дегі ж?мысы туралы баяндады. Оны? айтуынша, контрреттеуіш ?зынды?ы 31 ша?ырым болатын ?ор?аныш б?гетінен т?рады ж?не 450 миллион текше метр к?лемге дейін тас?ын суды уа?ытша ?стап т?ра алады.

Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астананың қазіргі және перспективадағы құрылыс аудандарын ықтимал су тасқынынан инженерлік қорғауға арналған Астана контрреттеуішінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Primeminister.kz.
 
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Астана контрреттеуішінің ағымдағы кезеңдегі жұмысы туралы баяндады. Оның айтуынша, контрреттеуіш ұзындығы 31 шақырым болатын қорғаныш бөгетінен тұрады және 450 миллион текше метр көлемге дейін тасқын суды уақытша ұстап тұра алады.

Ю. Ильин қазіргі уақытта контрреттеуіште Астана (Вячеслав) су қоймасынан тасталған 250 миллион текше метр тасқын су жинақталғанын хабарлады.

Контрреттеуіш Есіл өзеніне секундына 40 текше метрден аспайтын суды (тәулігіне 3,5 миллион текше метр) өткізуді жүзеге асырады.  

Реклама
Реклама

Еске салсақ, нысан құрылысы 2010 жылы аяқталды және сол 2010 жылы Астана контрреттеуіші 31,8 миллион текше метр тасқын суды ұстап қалды. 2014 жылы - 138 миллион текше метр, 2015 жылы - 249,8 миллион текше метр, 2016 жылы - 45,0 миллион текше метр тасқын су, осылайша Астана қаласы мен оның төңірегін су басудан қорғау қамтамасыз етілді.

Аралау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрінің Бірінші орынбасары ҚР ІІМ мен Астана қаласының әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мамин "Астана контрреттеуішінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін" баса айтты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама