Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаевты? тапсырмасымен ?Р премьер-министріні? бірінші орынбасары Ас?ар Мамин баста?ан ?аза?станды? делегация ж?мыс сапарымен ?збекстан астанасына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Өзбекстан астанасына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстан республикасының бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, осы елдің премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі, сонымен қатар Өзбекстан республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайтын болады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйектің 9 Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. 

Шавкат Мирзиеев 2016 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеген.

Еске салайық, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама