ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қыркүйек 2016 15:34
Асқар Мырзахметов премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды
Асқар Мырзахметов премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу