Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтау жасаған адамға iPhone 7 береді

© qiwi.com

Мереке ?арса?ында Астана ?кімдігі е? ?здік жа?ажылды? бейне??тты?тау?а бай?ау жариялады. Бай?ау Аяз Атаны? атынан Instagram желісіндегі (ayazata_official) ресми пара?шада ж?ргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Instagram желісіндегі (ayazata_official) ресми парақшада жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада "@ayazata_official" байқауы және #сновымгодомАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.

Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де "Хан Шатыр" СОСО-ында шығарылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама