Астана әкімдігінде ауыс-түйістер болды

© Тұрар Қазанғапов

Астана ?кімі ?сет Исекешев аппарат ке?есінде кадрлы? ?згерістер туралы м?лімдеді. Б?л туралы а?парат ?ала ?кімдігіні? сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана әкімі Әсет Исекешев аппарат кеңесінде кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат қала әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді Ерғали Қуандықұлы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Жапаев Бақтыбек Бекенұлы Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды.

Қала әкімі оларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тіледі және алғыс хаттармен марапаттады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама