Астана әкімі алданған үлескерлердің мәселесін 2022 жылға дейін шешетінін айтты

Дина Муратова Редактор
© фото: siapress.ru

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов алданған үлескерлердің мәселесін 2022 жылға дейін шешетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов алданған үлескерлердің мәселесін 2022 жылға дейін шешетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлескерлік құрылыс мәселесі менің бақылауымда. Ведомствоаралық комиссия аясында біз алданып қалған үлескерлермен кездесу өткіземіз. Қабылданған шаралардың арқасында бұл мәселе бойынша нысандардың санын 68-ден 29-ға дейін қысқарттық. Ол дегеніміз 10 344 үлескер. Қалған мәселелер бойынша жол картасын жасадық. 2022 жылға дейін үлескерлердің мәселесін шешу мақсаты тұр. Түсіну керек: біз үшін оңай болмайды", - деді Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуінде.

Сұлтанов үлескерлердің мәселесін шешу үшін қаражат бөлінетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Бірден айтайын, ол қаражат қайтарылуы тиіс. Жұмыс сәтті жүріп жатыр. Бірақ, жасайтын жұмыс көп. Тағы да қайталаймын, бұл мәселе менің назарымда", - деді Бахыт Сұлтанов. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама