22 желтоқсан 2023 14:43

Астана әкімі Боранбаевқа тиесілі болған қонақүй туралы айтты

ҚМА видео кадры

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген төрт жұлдызды қонақүйдің тағдыры не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген төрт жұлдызды қонақүйдің тағдыры не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте әкімге берілген мүлікке қатысты сұрақ қойылды.

Реклама
Реклама

"Астанада тек Comfort Hotel беріледі, фитнес-орталықтар Астанада берілмейді. Менің түсінуімше, басқарушы компания басқа қалада орналасқан. Басқару сол жақтан жүргізілетін сияқты, бірақ Астана емес", – деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, қонақүйді беру процесі әлі аяқталмаған.

"Өткізу процесі аяқталғаннан кейін, одан әрі қызмет түрі анықталатын болады. Алдын ала айтайын, қалада мұндай деңгейдегі қонақүйлер жоқ. Қонақүй өзінің қызмет профилін сақтап қалуы мүмкін", - деді Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram