ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2024 | 17:57
Астана әкімі қалаға кірер жолға блокбекеттер орнату туралы ұсынысқа жауап берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордаға кіреберісте блокбекеттер орнату туралы бұрын айтылған ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордаға кіреберісте блокбекеттер орнату туралы бұрын айтылған ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін үкіметте журналистер Қасымбектен елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожиннің жолға блокбекет орнату туралы ұсынысына қалай қарайтынын сұрады.
"Бұл дұрыс емес. Өйткені унитарлы мемлекетпіз. Қазақстанның әрбір азаматы қалаған жерде өмір сүруге құқылы. Біздің астанамыз ортақ. Бізде ешқандай шектеулер жоқ және қажет емес", - деді әкім.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также