Астана әкімдігі Мәсімовтің үйінен “бас тартты“

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: "Электронды сауда алаңы"

Астана әкімдігі Кәрім Мәсімовтің үйін коммуналдық меншікке қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігі Кәрім Мәсімовтің үйін коммуналдық меншікке қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы редакциясының сауалына жауапта айтылған.

"Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбағанын мәлімдейді", – делінген ведомство жауабында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі елорда әкімдігінің сұрауынан кейін әлеуметтік мақсатқа беріледі деп мәлімдеген болатын.

Кәрім Мәсімовтің үйі Қараөткел шағынауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін бұл нысан 879 мүлікпен бірге аукционға қойылған. Олардың ішінде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекейлер, коллекциялық монеталар мен кәдесый қару-жарақтар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама