28 тамыз 2023 15:45

Астана әкімдігі тәжік көрмесіндегі дүрбелеңге қатысты пікір білдірді

Сурет Ақорда баспасөз қызметінен

Астана әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Тәжікстанның Мәдениет күндері аясында елордада өткен көрме-жәрмеңкедегі дүрбелең туралы айтты.

Шенеуніктің айуынша, көрші елдің сатушылары тауарлар күн астында тез бұзылуы мүмкін болғандықтан, бір бөлігін тегін таратуды өздері ұсынған. Тіпті, жәрмеңке-көрме қонақтарына тарату үшін тәжік фермерлері пирамидаға көтерілген көрінеді.

Реклама
Реклама

"Пирамидаға өрмелеп шығып, қонақтарға тегін беріп жатқан адамдар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Олар пирамиданы құрған фермерлердің өздері болатын. Олар басқа тұрғындар пирамидаға шықпауы үшін өздері таратты. Бұл қауіпсіздік үшін жасалды", - деді Мақсат Жаңабаев.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері Қазақстанның бірнеше қаласында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтіп, тауарлардың бітуіне байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram