ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2022 | 10:32
Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған 367 адам кезектен шығарылды
Астана әкімдігінде 367 адам баспана кезегіндегі кезектен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұрғын үй қоры" КММ-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімдігінде 367 адам баспана кезегіндегі кезектен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұрғын үй қоры" КММ-ге сілтеме жасап.
Ведомство сайтында кезекте тұрғандарға өтініш жарияланды.
"Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының әкімшілік процестік-процессуалдық кодексінің нормаларына сәйкес, түгендеу жүргізу шеңберінде сізді кезектен шығару туралы мәселе туындайтынын хабарлайды. ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес).
Осыған байланысты, сұрақтар туындаған жағдайда, сіз Республика даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан Тұрғын үй орталығына жолыға аласыз", - делінген хабарламада.
Кезектен шығарылған адамдардың тізімін мына жерден таба аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также