ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2018 | 16:29
Астана әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды
12 қарашада аппараттық кеңесте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған Руслан Сегізбаевты таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қарашада аппараттық кеңесте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған Руслан Сегізбаевты таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Руслан Рахметұлы Сегізбаев 1976 жылдың 27 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Білімі - жоғары. Ол 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Статистика агенттігінің ауыл, орман және су шаруашылығы статистикасы басқармасы сараптама және есептік жұмыстар бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.
2007 жылы Руслан Сегізбаев ҚР Статистика агенттігінің ұлттық есеп жүргізу департаменті экономикалық баланс және құрылымдық статистика басқармасы құрылымдық статистика бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2009 жылы - ҚР Статистика агенттігінің тіркелімдер мен топтастыру департаменті әлеуметтік тіркелімдер басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.
2012 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығының сарапшысы қызметіне тағайындалды.
2014 жылы ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, сол жылдың қазанынан ҚР Қаржы министрлігі есептілік және статистика департаменті директорының орынбасары болды.
2016 жылы ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры қызметіне тағайындалған болатын. 2017 жылдың шілдесінен ҚР Қаржы министрлігі Персоналды басқару және стратегия департаментін басқарды.
Показать комментарии
Читайте также