ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2018 | 12:02
Астана әкімдігінің өкілдері сол жағалаудағы кептелістің себебін айтты
Астана әкімдігінің өкілдері сол жағалаудағы кептелістің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімдігінің өкілдері сол жағалаудағы кептелістің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Бүгін таңғы сағат 5.00 Сығанақ көшесінің бойындағы су құбырының жарылуына байланысты бірнеше көшелерді жабуға тура келіп отыр. Атап айтқанда, дәл қазір Түркістан көшесі Достық көшесінен бастап Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігі, сондай-ақ Сығанақ көшесі Мәңгілік ел мен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі апатқа орай жабылып тұр", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, дәл қазір апат орнында қалалық коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатқаны және мәселенің қала басшыларының бақылауында екені хабарланып отыр.
Показать комментарии
Читайте также