24 маусым 2024 | 13:35

Астана - Алматы тасжолының жай-күйі туралы не белгілі?

Фото: Tengrinews.kz

Көлік министрлігі мәліметінше, жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш учаскесінде айналма жолдар қалмады. Жоба аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрлігі мәліметінше, жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш учаскесінде айналма жолдар қалмады. Жоба аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолшылар асфальттың жоғарғы қабатын төсеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы тосқауыл қоршауларын орнатып жатыр. Нысанды 2024 жылғы қазанда пайдалануға беру көзделіп отыр.

"Былтыр мамандар Балқаш-Бұрылбайтал күре жолының жалпы ұзындығы 127 шақырымды құрайтын 3 учаскесін пайдалануға тапсырды. Биыл қалған 3 учаске қолданысқа беріледі. Жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайтын Күрті-Бұрылбайтал жолы биыл жазда тапсырылады. Қазір мамандар жол бойында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар биыл жазда Шамалған бекетінің айналма жолы да қолданысқа берілмек", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная