Астана-Ақтөбе пойызының жолсерігі жолаушыға 2 миллион теңге қайтарып берді

© Тұрар Қазанғапов

Астана-А?т?бе пойызыны? жолсерігі жолаушы?а 2 миллион те?ге ?айтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астана-Ақтөбе пойызының жолсерігі жолаушыға 2 миллион теңге қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"№16 вагонның жолсерігі Ержан Арденов купеде матрастың астынан ішінде 2 000 000 теңге мен банк картасы жатқан сөмкені тауып алған. Содан ол пойыз басшысымен бірге акт толтырып, ішінде ақша мен банк картасы бар сөмке иесіне қайтарылды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылар пойызда тек ақша мен құжаттарын емес, сондай-ақ, басқа да бағалаы заттарын қалдырып кетеді: ұялы телефондар, ноутбуктар, сағат және тағы басқа заттар. Жолсеріктер жыл басынан бері құнды заттар мен құжаттарды жолаушыларға қайтарған 18 деректі тіркеген.

Реклама
Реклама

"Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес, пойыз бригадасы жолаушылардың жеке заттары үшін жауап бермейді. Сондықтан вагондардан шыққанда заттарыңызға абай болуларыңызды сұраймыз", - деді компаниядағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама