22 қаңтар 2024 17:46

Астана әуежайы бес бөлмелі пентхаусты сатылымға шығарды

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Электрон сауда алаңы сайтында ерекше хабарландыру пайда болды. Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бес бөлмелі пентхаусты сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электрон сауда алаңы сайтында ерекше хабарландыру пайда болды. Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бес бөлмелі пентхаусты сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарнамада жалпы ауданы 130,7 шаршы метр болатын пәтер елорданың Алматы ауданында орналасқаны көрсетілген. Оның болжамды құны 51 миллион теңгеден асады. Бұл ретте аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

e-auction.gosreestr.kz

Реклама
Реклама

Tegrinews.kz редакциясы астаналық әуе айлағы пентхаусқа қайдан ие болғанын білу үшін елорда әуежайының баспасөз қызметіне хабарласты.

"Есіл ауданының №2 аудандық сотының 16.06.2021 жылғы үкімін орындау үшін аталған пәтер "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға сот үкімі бойынша өндіріп алынған материалдық залалды өтеу есебінен берілді (Б. ісіне қатысты). Басқарма балансқа өткен мүлікті сот үкімі бойынша әуежай пайдасына сату туралы шешім қабылдады. Толық ақпарат алу үшін ресми сауал жолдаңыз", - делінген жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram