13 сәуір 2023 | 14:46

Астана әуежайының маңында өрт шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астана әуежайының маңында алапат өрт шықты. Әлеуметтік желіде қою түтіннің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының маңында алапат өрт шықты. Әлеуметтік желіде қою түтіннің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сол жағалау тұрғындары әуежайдан шығып жатқан қою түтінді видеоға түсіріп алған.

Реклама
Реклама

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 сәуір сағат 12:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелеріне әуежай аумағынан өр шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Келген кезде 1 гектар аумақта кепкен ағаш пен қамыс өртеніп жатқаны анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында елордалық ТЖД-нің 14 адамы мен 3 техникасы өртті жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Әуежайдан өрт осылай көрінеді.

Ұшақтар қою түтінде ұшып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram