Астана әуежайында оннан аса рейс кешіктірілді

© Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында оннан аса рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі онлайн-табло мәліметтеріне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында оннан аса рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі онлайн-табло мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұшып келетін жеті және елордалық әуежайдан ұшып шығуы тиіс бес рейс кешіктірілген.

Сайттағы мәліметтерге сәйкес, Шымкент - Астана және Ереван - Астана бағыты бойынша SCAT әуекомпаниясының екі рейсі, Алматыдан және Жезқазғаннан Qazaq Air әуекомпаниясының екі рейсі кешіктірілді. Сонымен қатар, Air Astana рейсі мен Алматыдан және Варшавадан польшалық әуе желілерінің рейстері кешіктірілді. Кешігу уақыты жарты сағаттан 4,5 сағатқа дейін.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Астанадан Ереванға, Алматыға, Ақтөбеге және Жезқазғанға ұшатын рейстер кешіктірілді.

Айта кетейік, Астанада аздаған қар жауып, тұман түсті. Алайда әуежайдағылардың хабарлауынша, кешіктірулер ауа райымен байланысты емес. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Кешіктірулердің себебін әуекомпанияларынан анықтау керек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама