Астана әуежайындағы ұшу алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кейінге шегеріледі

© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында  ұшу алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кейінге шегеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қыркүйектің 10-21 аралығында күндізгі уақытта ұшып-қону жолағы жабылады. Жөндеу жұмыстары жерігілікті уақыт бойынша 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Түске дейін әуежайдан ұшып шығатын және ұшып келетін рейстердің барлығы кейінге шегеріледі", - деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері. 

Әуе рейстерінің жаңа уақытын білу үшін әуежайдың анықтама бюросына мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 702 999 (тәулік бойы жұмыс істейді).

Реклама
Реклама

Әуежайдағылардың айтуынша, тек ұшып-қону алаңы ғана жабық болады, ал терминал штат режимде жұмыс істейді екен. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама