ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қараша 2015 15:26
Астана автобусындағы екі әйелдің төбелескені бейнеленген видео жарияланды
Әлеуметтік желілерде Астана автобусындағы екі әйелдің төбелескені бейнеленген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Оқиға 2 қараша күні елордадағы №21 автобуста болды. Видео авторының айтуынша, әйелдердің бірі автобус кондукторы, ал екіншісі - жолаушы. Олардың нақты қандай себеппен жанжалдасқаны әзірше белгісіз. Видеодан екі әйелдің бір-бірінің шашынан тартып, жерге құлағандарын көруге болады. Айта кетейік, куәгерлердің ішінде бір ғана адам оларды ажыратуға тырысты.
Астана ІІД видоны тексеріп жатқандарын хабарлады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу