Астана базарында лаңкестік қаупіне дайындық пен қаруды қолдану жетілдіріліп жатыр

© РИА Новости

Астанадағы "Сапа" құрылыс базарында терроризмнің жолын кесу үйретіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, терроризмнің жолын кесу және оның салдарын жою жедел-тактикалық оқыту шарасы бүгін сағат 17.00 - 19.00 аралығында "Сапа" құрылыс базарында (Жиенқұлов көшесі бойында) елордалық терроризммен күрес жедел штабымен жүргізіледі.

"Оқытудың мақсаты - терроризмге тап болған субъектілердің және мемлекеттік огандардың ведомствоаралық іс-әрекетін жүзеге асыру, сонымен қатар, терроризм кезінде жарылғыш затты қолдану және тартып алу бойынша әскери-қызметтік Штабтың дайындығын бағалау", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқыту түрлі әскери шарттарға толы әрі элементтері өте қиын. Оқыту кезінде Жиенқұлов көшесінде автомобиль қозғалысына шектеу қойылады.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама