Астана билігі үлескерлерге үндеу жасады
Қалалық ортаның сапасына бақылау басқармасы мен Астана қаласының прокуратурасы бірлесе отырып қала тұрғындарының өтініші бойынша тексеріс жүргізгенде "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу" туралы заңын бұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Үлескерлердің назарына! 3-баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес - Заңмен белгіленген талаптарын бұза отырып тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардан ақша тартуға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған ескертпелер құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысы бойынша жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін және нашар атына байланысты заңмен тікелей шектелген", - делінген сайтта.
"Астана қаласы аумағында компаниялардың заңсыз құрылыс жүргізу салдарынан проблемалы нысандар бар, олардың құрылысы өте баяу немесе тоқтап қалған. Осыны ескере отырып әкімдік қызметкерлері мен прокуратура осындай заңсыздықтардың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде тексеріс нәтижесі бойынша 15 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - делінген хабарламада.
Келісімшарт жасасу бойынша талаптардың тізімін мына жерден көруге болады.