ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2019 | 10:29
"Астана біздікі" видеосының кейіпкері сот алдына келді
Нұр-Сұлтанда "Астана біздікі" видеосының кейіпкерінің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда "Астана біздікі" видеосының кейіпкерінің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Іс Байқоңыр аудандық № 2 сотында қаралып жатыр. Сот алдына 1995 жылғы жігіт келді. Ол Нұр-Сұлтанда тұрады және жолаушылар тасумен айналысады екен. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бұрындары сотты болған.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Еске салайық, бұған дейін Желіде астаналық жігіттің бірнеше қару түрін көрсеткен видеосы жарияланған. Оның қолында тапанша, шокер және автомат болған. Полиция оның кім екенін бірден анықтап, көп ұзамай оны ұстаған. Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, роликке түскен 24 жастағы жігіт 2017 жылы "Бұзақылық" пен "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" баптары бойынша істі болып, бес жылға сотталған. Алайда 4 қаңтарда сот мерзімнің қалған уақытын бас бостандығын шектеу жазасы түрінде өзгерткен. Жігіт Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық бақылауында болған.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!
Показать комментарии
Читайте также