"Астана ЭКСПО-2017" өкілдері Бәйдібэкспо есіміне қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ?лтты? компаниясыны? ?о?аммен байланыс департаментіні? директоры Сергей Куянов компанияда?ыларды? ?аза?станда ?ашан "ЭКСПО" есімді баланы? д?ниеге келетінін к?ткендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов компаниядағылардың Қазақстанда қашан "ЭКСПО" есімді баланың дүниеге келетінін күткендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, бұл керемет. Бұл біз үшін қызық жаңалық болды. Шынымды айтсам, көрме өтіп жатқан кезде біз әзілдеп біреу болса да сәбиіне есімінде "экспо" сөзі бар есім береді ғой деп әзілдеген едік", - деді Сергей Куянов.

Оның айтуынша, олар әзірше сәбидің ата-анасымен көрісуді жоспарлап отырған жоқ.

Реклама
Реклама

"Әзірше сәбидің анасына және сәбиге денсаулық тілегім келеді", - деді  Сергей Куянов.

Еске сала кетейік, кеше Астанада жаңа туған балаға Бәйдібэкспо есімі қойылғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама