Astana English School-дің бұрынғы директоры мен бас есепшісі ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы әкімдігіне қарасты "№81 Astana English School халықаралық мектебі" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы директор мен бас бухгалтер 900 млн теңгеден аса қаражатты жымқырғаны анықталды. ҚМА мәліметінше, бұл соманың бір бөлігі - ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған.

"Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің туыстары да бар. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңге тұратын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және көлік", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Агенттік мәліметіне сүйенсек, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынған. Күдіктілер қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама