Астана және Алматы тұрғындарына күн ыстық болатыны ескертілді

Астана және Алматы тұрғындарына күн ыстық болатыны ескертілді Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 8, 9 және 10 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

8 шілдеде күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундсына 2-7 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.

Жарнама
Жарнама

9 шілдеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.

10 шілдеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

8 шілдеде күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің бағыты шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.

9 шілдеде күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +32...+34 градус жылы болады.

10 шілдеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық болады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама