Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген үш күдікті ұсталды

Фото: ҰҚК

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 2-3 мамырда Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады.

"Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама