Астана - Қарағанды трассасының Осакаров кентінің аумағында жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана - Қарағанды - Алматы автотрассасының 1128 шақырымында, Қарағанды бағытында, Осакаров кентінің маңында жолдың жүру бөлігі уақытша тарылды. Қозғалысты реттеу үшін арнайы техникалық құралдар орнатылды, бұл рұқсат етілген жылдамдықтың едәуір төмендеуіне әкелді – әдеттегі 140 км/сағ-тан 20 км/сағ-қа дейін.
Осындай шектеу Қарағанды жағынан Ақшатау кентінің жанында да қолданылады.
"Енгізілген шаралардың басты міндеті – трассаның осы бөлігіндегі апат қаупін азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Жаңа шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін барынша қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!