28 қыркүйек 2023 16:52

Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі уақытша жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілеме жасап.

"Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды тасжолында, сондай-ақ Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізіліп жатыр", - делінген елорда әкімдігі сайтында.

Реклама
Реклама

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 28 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Қобда аллеясынан Армандастар көшесіне дейінгі Астана-Қарағанды тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Сонымен қатар, жолдың орташа жөнделуіне байланысты 30 қыркүйектен 1 қазанға дейін Р.Қошқарбаев-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram