18 қараша 2023 | 13:45

Астана көшелерінде жайылып жүрген бір үйір жылқы видеоға түсіп қалды

видеодан алынған кадр

Астаналықтар Отау шағынауданында жылқылар жайылып жүрген видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар Отау шағынауданында жылқылар жайылып жүрген видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жылқылардың ауладағы өсімдіктерді қалай жеп жатқанын көрсетіп, видеоға түсірген.

Реклама
Реклама

Астана Полиция департаменті жануарлардың иесін анықтады. Оған айыппұл салынып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 386-бабының талаптарын бұзғаны үшін мал иесіне 30 АЕК (103 500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды және 408-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК (34500 теңге-шамамен) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді Астана ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram