08 шілде 2022 | 17:42

Астана күні неге отшашу болмады? Көлгінов жауабы

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Астана күні неге отшашу болмады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Астана күні неге отшашу болмады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, отшашу болмауының себебі - ауа райы.

"Біз отшашуды жоспарладық, бірақ ауа райы болжамында қатты жел мен жаңбыр жауатыны айтылған. Сондықтан тәуекелге бармадық. Қала күнінде көзіміз жетті, кешке жаңбыр жауа бастады, бұл отшашу талабына сай емес", - деді Алтай Көлгінов ОҚК брифингінде.

Реклама
Реклама

Көлгіновтің айтуынша, 2022 жылы Астана күнін мерекелеуге бөлінетін шығын бес есеге қысқарған, бұл - шамамен 200 миллион теңге.

"Жыл сайын тойлау тәсілі өзгереді, 2019 жылмен салыстырғанда осы жылы 5 есе аз ақша жұмсадық. Мысалы, 100-ден аса іс-шара ұйымдастырдық, шараларға 20 мыңнан аса қала тұрғыны қатысты. Бұған жалпы шамамен 200 миллион теңге бюджет құртылды, бұл - бес есе аз. Екі-үш ақылы, қалғаны тегін концерт болды. Қала тұрғындары мереке атмосферасын сезгенін қаладық", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында әкімдік қаланың 24 жылдығына орай отшашу болмайтынын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная