Astana LRT атауы өзгертілмек: жаңасы қандай?

Astana LRT атауы өзгертілмек: жаңасы қандай? Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада мәслихат отырысында депутаттар LRT жеңіл рельсті көлік жобасының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Халық қалаулылары ағылшын тіліндегі атаудан бас тартуға дауыс беріп, жобаға жаңа атау берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада мәслихат отырысында депутаттар LRT жеңіл рельсті көлік жобасының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Халық қалаулылары ағылшын тіліндегі атаудан бас тартуға дауыс беріп, жобаға жаңа атау берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, қала тұрғындарынан бірнеше атау нұсқасы келіп түскен. Олардың арасында "Сұңқар", "Лашын", "Аспан", "Тарлан" және басқалары бар.

Жарнама
Жарнама

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар "Тарлан-Астана" нұсқасын қолдады.

Депутат Бауыржан Қасымбергебаевтың айтуынша, "Тарлан-Астана" атауын ономастикалық комиссия ұсынған.

"Бұл шешімді қалалық ономастикалық комиссиямыз ұсынды, соның нәтижесінде біз бірнеше ұсынысты қарастырдық. Олар қала тұрғындарынан түсті, бүгін LRT атауын "Тарлан-Астана" деп өзгерту туралы шешім қабылданды", – деді депутат.

Оның сөзінше, LRT – көлік түрінің техникалық атауы, ал көптеген елде жеңіл рельсті көліктің тұрғындарға түсінікті әрі таныс өз атаулары бар. Астанада да осылай жасауды ұйғарған.

"Астанада да LRT осылай аталып, жақсы әсер қалдырғаны жөн деп шешілді. Келген қонақтар мен туристер оны бірден әдемі атаса екен дедік", – деді депутат.

Атауды өзгерту жобаның көп жылға созылған даулы тарихынан алшақтау мақсатымен байланысты ма деген сұраққа ол мұндай фактордың да бар екенін айтты. Дегенмен, оның сөзінше, басты мақсат бұл емес.

"Бірақ көбіне бұл туристер үшін LRT-ның елімізбен және осындай атаумен байланыстырылуы үшін жасалды. Сондықтан бұл көбінесе имидждік мәселе", – деп түсіндірді ол.

Астанада LRT 16 мамырда іске қосылды. Астана LRT желісінде барлығы 18 бекет болады, бағыттар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Кейбір бекеттерге атау беріліп қойған. Сондай-ақ пойыздардың қозғалыс схемасы жарияланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама