ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2019 | 11:40
"Астана LRT" бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
"Астана LRT" ЖШС басқарма төрасы болған Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы компания басшысы Бекмырза Игенбердинов үкіметте брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы болған Талғат Арданға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр", - деді Игенбердинов.
Талғат Ардан 2017 жылы 27 шілдеде қызметінен босатылған еді.
Осыған дейін, Әсет Исекешев Астана әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан) болып тұрған кезінде Талғат Арданға елорданың теміржол вокзалының маңайындағы автотұрақты сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс жариялаған болатын.
Показать комментарии
Читайте также