City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана LRT желісінің бекет атаулары көрсетілген қозғалыс сызбасын жариялады. Барлығы 18 бекет болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
LRT бағыты елорданың сол жағалауындағы негізгі орындар мен оң жағалаудағы аудандардың бір бөлігі арқылы өтеді.
Пойыздар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан аттанады. Соңғы аялдама "Нұрлы жол" теміржол вокзалы.
Бұған дейін City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астана LRT желісін оң жағалауға – Кенесары, Жеңіс көшелері мен ескі вокзалға дейін ұзарту жоспары туралы айтқан болатын.
Қазіргі уақытта компания құрылыстың жаңа кезеңін қаржыландыру көздерін іздестіріп жатыр.
Астанада LRT жақын арада іске қосылады
CTS компаниясы журналистерге Астана LRT-ның тұрақты жолаушылар тасымалы осы аптада, 16-17 мамырда басталатынын хабарлаған болатын.
Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 бекет бар. Оларға атау берілді.
Платформаға өту үшін билет немесе көп реттік көлік картасын сатып алу қажет. Бір жол жүру құны 200 теңге болады.
Тағы оқыңыз: Жетонсыз және қолма-қол ақшасыз : Астана LRT-да жолақысын қалай төлеуге болады?