Астана LRT нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды

Астана LRT нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елорда тұрғындары мен қонақтары Астана LRT-мен алғашқы сапарын қай күні жасай алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елорда тұрғындары мен қонақтары Астана LRT-мен алғашқы сапарын қай күні жасай алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтебаевтың айтуынша, жүйе дайындық жұмыстарының қорытынды кезеңінде, оған тағы екі күндей уақыт кетеді.

"Бүгін 15-і. Ертең дайындық жұмыстары тағы бір күн жүреді. Бүрсігүні (LRT-мен жүре аласыздар – ред. еск.)", - деді Ерсін Өтебаев тілшіге.

Жарнама
Жарнама

Осылайша, Астана LRT жексенбі, 17 мамырда жұмысын бастайды.

Бұған дейін City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана LRT желісінің бекет атаулары көрсетілген қозғалыс сызбасын жариялады.

Астана LRT іске қосылады

Бұған дейін CTS компаниясы журналистерге Астана LRT-ның тұрақты жолаушылар тасымалы осы аптада, 16-17 мамырда басталатынын хабарлаған болатын.

Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 бекет бар. Оларға атау берілді.

Платформаға өту үшін билет немесе көп реттік көлік картасын сатып алу қажет. Бір жол жүру құны 200 теңге болады.

Тағы оқыңыз: Жетонсыз және қолма-қол ақшасыз : Астана LRT-да жолақысын қалай төлеуге болады?

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама