18 қыркүйек 2016 | 13:38

Астана маңында екі миллионға жуық көшет отырғызылды

© astana.gov.kz

Астананың айналасындағы жасыл белдеудің құрылысы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде оның жалпы ауданы 14 827 гектар құрайды, соның ішінде 11 502 гектар ағаш отырғызылған, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астананың айналасындағы жасыл белдеудің құрылысы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде оның жалпы ауданы 14 827 гектар құрайды, соның ішінде 11 502 гектар ағаш отырғызылған, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

"2009 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келгенде елорданың жасыл белдеуін орманға айналдыру міндетін алға қойды. Сол кезде жасыл белдеуді жасаудың екінші кезеңі басталды. 2012-2016 жылдары аралығында 1,5 мың гектар және 3 мың гектар аудандарда жобаның екі кезегін игердік. 1 миллион 846 мың 560 көшет отырғызылды, соның ішінде 56пайызы қылқан жапырақты және 44 пайызы жапырақты ағаштар", - деді "Астана Орманы" директоры Маулен Самамбетов.

Реклама
Реклама

 

Келесі жылы жобаның үшінші кезегі қолға алынбақ, ол Астана әуежайының аумағын да қамтиды, екі жылға жалғасатын жұмыстар 429 гектар ауданда жүргізіледі.

Сонымен қатар, көшеттер егуге 8 мың 500 гектар бөлінді, осылайша, алдағы уақытта жасыл белдеудің ауданы 30 мың гектарға жуықтайды.

Жасыл белдеу аумағында орналасқан арнайы тәлімбақта қырғауылдар өсіріледі, бүгінде "Астана Орманы" қызметкерлері 650 құс өсірді, жыл сайын жасыл белдеу аумағынан мыңнан астам қырғауыл жіберіледі.

 

Елорда тұрғындарының демалуына жағдай жасау мақсатында жасыл белдеуде ұзындығы 4127 метр велосипед тебуге арналған жол жасалды. Қазіргі кезде Қорғалжын тасжолы мен қараөткел тасжолын байланыстыратын ұзындығы 19127 метр қосымша жол салынып жатыр.

 

Қалада егілетін ағаштар арнайы питомникте өсіріледі. Питомник 1963 жылы құрылған, жалпы ауданы - 349 гектар, мұнда ағаштың 50-ге жуық түрі өсіріледі, соның ішінде, шырша, қарағай, терек, жөке, емен және тал бар. Кейбір ағаштарға 20-25 жыл болған, ал биіктігі 10-11 метрге жетеді.

"Бұл питомник елордада отырғызылатын ағаштарға арналған. Біздің сайтымыз бар, адамдардың келіп көшеттер сатып алуына болады. Жыл сайын Астанада 20 мыңға жуық ағаш пен 100-120 жуық тамыры жалаңаш көшет егіледі. Биыл 40 мыңға жуық ағаш отырғызылады", - деді "Астана Көгалдандыру" АҚ өндірістік мәселелер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Ағаштардың бір бөлігі салынып жатқан ботаникалық бақ аумағына егіледі. Агрономдар әрбір көшетті күтіп ұстайды. Жақын арада елордамыз әлдеқайда көркейе түспек. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная