Астана маңындағы отбасының өлімі: ІІМ тергеу барысы туралы айтты

Астана маңындағы отбасының өлімі: ІІМ тергеу барысы туралы айтты Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасының өлтірілуіне қатысты тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасының өлтірілуіне қатысты тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Әділовтің айтуынша, күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Жақын арада сараптама қорытындысы дайын болуы тиіс.

Жарнама
Жарнама

"Сонымен қатар, келесі аптада стационарлық психологиялық-психиатриялық сараптаманың нәтижелері шығуы керек", - деп мәлімдеді Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, наурыздың басында мессенджерлерде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасы мүшелерінің аяусыз өлтірілгені туралы үрейлі ақпарат тараған болатын. Полицейлер ізін суытпай күдіктіні ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұған дейін Санжар Әділов күдікті басқа тергеу аясында ақыл-есі дұрыс емес деп танылғанын айтқан еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама