07 ақпан 2018 16:07

Астана мемқызметкерлерінің жалақысы істеген жұмысына сай бағаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 112.ua © 112.ua

Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысы жұмыстарына қарай бағаланатын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысы жұмыстарына қарай бағаланатын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерініңеңбек ақысын көтеру тәжірибесін қолдануға кірісті.

"Төмен жалақы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін негізгі факторларының бірі болып табылады", - деді тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, басшылардың жалақысымен олардың бюджеттік қаражаттыигеру жауапкершілігін ешбір салыстыруға келмейді.

Мәселен, облыстық басқарма басшысы 200 мың теңге кемінде жалақымен 3 миллиардтан аса теңге игеруді көздейтін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Басқа мысал: өңірлік деңгейдегі қызметші лауазымдық еңбекақысы 54 мың теңге болса, тексеру жүргізу кезінде 1 миллион теңгеден (500 АЕК) асатын өлшемдерде айыппұл салуға уәкілетті.

Басқаша айтқанда, тәуекелді лауазымдар тізбесі бар, олар ерекше көзқарасты талап етеді. Жазира Жылқышиеваның айтуынша, мұндай лауазымдардың тізілімін қалыптастыру қажеттілігі туралы бірнеше рет айтылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақыны көтеру бойынша факторлық-баллдық шәкіл пилоттық жоба ретінде Агенттіктің, Әділет министрлігінің, Маңғыстау облысы және Астана қаласы әкімдіктерінде енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақыны жетілдіру бойынша жоба кеңсесі талдау жүргізіліп, ұсынымдар әзірлейді.

Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана әкімдігімен бірлескен "Астана - адалдық алаңы" жобасы бастау алды.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев "Астана - адалдық алаңы" жобасының жарғысына қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети