ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 шілде 2026 15:14
Астана мен Алматы күн +38 градусқа дейін ысиды
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде – 10, 11 және 12 шілдеде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
10 шілдеде аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.
11 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.
12 шілдекүн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
10 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
11 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.
12 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +36...+38 градус қатты ыстық болады.
Қазақстанда 45 градус аптап ыстық болады
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауылды жел соғатынын хабарлаған болатын. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда да өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумағында құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу