"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 14, 15 және 16 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
14 мамырда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +18...+20 градус.
15 мамырда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +21...+23 градус.
16 мамырда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +23...+25 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
14 мамырда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус.
15 мамырда күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +17...+19 градус.
16 мамырда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +20...+22 градус.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күрделі синоптикалық жағдай күтілетінін айтқан болатын. Елдің батысы мен оңтүстігіне жаңбыр, найзағай және 35 градусқа дейін аптап болады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда суық антициклон сақталады. Толық болжамды осы жерден оқыңыз.