02 шілде 2024 | 16:54

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

3 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.

Реклама
Реклама

4 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.

5 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

3 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.

4 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.

5 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная