17 қазан 2024 | 15:07

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

18 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Реклама
Реклама

19-20 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

18 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.

19 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кей жерлерде тұман болады. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.

20 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 14-16 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная