29 қазан 2024 | 15:42

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

30 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауады, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 1-6, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Реклама
Реклама

31 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

1 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

30 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.

31 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 11-13 градус жылы.

1 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная