Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 12, 13 және 14 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 12, 13 және 14 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

12 қараша - құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…+2° жылы, кейін төмендейді.

Реклама
Реклама

13 қараша - бұлтты, түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –2…–4° аяз.

14 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°, күндіз –1…–3° аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

12 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.

13 қараша - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°, күндіз +9…+11°.

14 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +8…+10°.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама